КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАЙЛЫ

Құрметті әріптестер!

ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Сәтбаев атындағы университет, Тұран университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Люблин техникалық университетімен (Люблин, Польша) бірлесіп, 2023 жылғы 26-27 қазан аралығында криптография мектебінің негізін қалаушы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бияшев Рүстем Ғакашұлын еске алуға арналған,«Информатика және қолданбалы математика» VIII – Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒЫТТАРЫ

1. Қолданбалы математиканың, информатиканың және басқару теориясының қазіргі мәселелері: Күрделі жүйелер мен бизнес-процестерді модельдеу және оңтайландыру.

2. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар: Мәліметтерді тасымалдау жүйелері мен желілері. Интернет технологиялары. Бұлтты технологиялар. Параллельді есептеулер. Бөлінген есептеулер. Суперкомпьютер және кластерлік жүйелер. Үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеу (Big-data). Географиялық ақпараттық жүйелер мен технологиялар. Инновациялық білім беру технологиялары.

3. Жасанды интеллект технологиялары: Интеллектуалды басқару жүйелері. Сөйлеу технологиялары және есептеуіш лингвистика. Үлгіні тану және кескінді өңдеу. Биоинформатика және биометриялық жүйелер. Адам мен машинаның әрекеттесуі. Машиналық оқыту. Интеллектуалды робот жүйелері.

4. Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау: Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық және аппараттық құралдары. Криптография. Күрделі жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің математикалық әдістері.

Конференцияның мақсаты – информатика және қолданбалы математика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Конференция қолданбалы мәселелерді шешу үшін озық ғылыми жетістіктерді қолданатын ғалымдарды біріктіруге, халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды қалыптастыруға және жас ғалымдардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шараның мақсатты аудиториясы – Қазақстан Республикасының және жақын және алыс шетелдердің ғалымдары, магистранттары, докторанттары.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

«Информатика және қолданбалы математика» конференциясына қатысушы ретінде https://conf.iict.kz сайтында тіркелу қажет, жариялау үшін материалдарды conf2023@ipic.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

«Информатика және қолданбалы математика» конференциясына қатысуға өтінімдер мен баяндамалар 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Баяндама авторлары пішімдеу талаптарына сәйкес дайындалған мақалалардың материалдарын қоса беруі керек.  ИИВТ конференциясының материалдар жинағы үшін қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде 5-6 беттен тұратын мақалалар қабылданады (дизайн үлгісі сайтта көрсетілген). Сондай-ақ, бұл мақалалар КазҰУ «Хабаршысы» «Математика, механика, информатика» сериясында және ИВМ және МГ «Информатика мәселелері» (Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі) атты журналдарда жарияланады. Scopus және Web of Science дерекқорларына енгізілген журналдардағы арнайы нөмірлер үшін мақалалар Scopus және Clarivate Analytics үшін стандартты форматта ағылшын тілінде (веб-сайтта дизайн үлгісі көрсетілген) қабылданады. Мақалалар конференция қорытындысы бойынша шығару жоспарлануда.

Ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей келіп түскен баяндамалар Конференцияға дейін материалдар жинағында қағаз және электронды түрде жарияланады (сайтта дизайн үлгісі көрсетілген).

Конференцияның ресми тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Ұйымдастыру жарнасы: студенттер – 5 000 теңге, магистранттар – 10 000 теңге, докторанттар – 15 000 теңге, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар құрамы – 25 000 теңге, шетелдік қатысушылар – 60 доллар.

Реквизиттер:

  • ЖШС«Инфор-Алдин»
  • Алматы қ., Төле Би к. , 188 үй
  • БИН 100240008736
  • ИИК KZ878560000003154807
  • БИК KCJBKZKX
  • АҚ «БанкЦентрКредит» Алматы қ., ҚР
  • Директоры Ахметов Е.Ә.
  • КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗУ ОРНЫ, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Satbayev University және ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялар институты: мекен жайы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, тел.: +7 727 -272-37-11, +7 727 -272-39-13, +7 727-272-33-13, +7 707-376-00-90.

V_1_Ақпараттық хат Конференция 2023

Бағдарлама комитеті

 ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАЛАРЫ